«ҚазТрансОйл» АҚ KTO news Корпоративтік телеарнасы «Үздік ішкі digital-media» номинациясы бойынша XIV Орталық Азия корпоративтік медиа – 2024 байқауының жеңімпазы атанды.
Байқаудың құрмет грамотасы мен мүсіншесі Алматыда өткен XX Халықаралық PR-форумда «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Меруерт Палмахановаға табыс етілді.
KTO news Корпоративтік телеарнасының жұмысы қызметкерлердің хабардар болуын арттыруға, сондай-ақ олардың компанияның Даму стратегиясын іске асыруға қатысуына ықпал етеді. Нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ-да ақпаратпен, басқарушылық шешімдермен, идеялармен және корпоративтік біліммен жедел алмасу жүріп жатыр.
KTO news Корпоративтік телеарнасының хабар таратуы 2019 жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы жүргізіліп келеді. Мақсатты аудитория – компанияның 12 өңіріндегі «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері.
KTO news Корпоративтік телеарнасының мазмұнына жаңалықтар хабары, ақпараттық-талдау бағдарламалары, анонстар, бейнехабарландырулар, бейненұсқаулықтар, арнайы репортаждар және видеографика кіреді.