KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ аптап ыстыққа байланысты жұмысшылардың денсаулығын сақтау шараларын күшейтуде

 25.06.2024    488
«ҚазТрансОйл» АҚ мердігер ұйымдарына жаз кезінде ауаның ысып/жоғарылап кетуіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде жан-жақты шараларды қабылдау тапсырылды. «ҚазТрансОйл» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ТЖ департаментінің директоры Асқар Қабылов  кеңес барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға арналған тапсырмаларды айтып өтті.

Түрлі ұйымдардың өкілдері қатысқан кездесуде жаз кезінде өрттің шығу мүмкіндігі мен түрлі қауіптің артуына байланысты жұмыстарды жүргізуде өрт қауіпсіздігінің жоғары шараларын қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Кеңес барысында Асқар Қабылов өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және қатты ыстық жағдайында адам денсаулығының нашарлауы бойынша күшейту жұмыстарын біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Мердігер ұйымдарға өндірістік объектілерде ауыз су режимін, жұмыс және демалыс режимін қатаң сақтау туралы еске сала кетті.

«ҚазТрансОйл» АҚ объектілерінде өз қызметін жүзеге асыратын яғни объектілерді салатын немесе жөндейтін, күзет және өрттен қорғау бойынша, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсететін, жабдықтардың жұмысын реттейтін және т.б. бірқатар мердігерлік ұйымдар бар. Әдетте, мердігерлік ұйымдардың жұмысшыларына да компания жұмысшылары сияқты зиянды факторлар әсер етеді. Біздің міндетіміз – қызметкерлеріміз жарақаттанудан және денсаулығының нашарлауынан толық қорғалатындай еңбек жағдайларын жасау», - деп толықтырды Асқар Қабылов. 

Кездесу барысында қатысушылардың назарына «ҚазТрансОйл» АҚ объектілерінде өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы қауіпсіздігі, еңбек және  қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша баяндамалар ұсынылды.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер