KZTO 823,00 (+0,73%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 823,00 (+0,73%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкері Қуаныш Асқар «Oceanman Kazakhstan-2024» жарысында 1 орын алды

 05.08.2024    537
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі ашық суда жүзуден өткен «Oceanman Kazakhstan-2024» жарысы аяқталды. Ауқымды шара 2 күн бойы 27 және 28 шілдеде Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасында өтті.  Биыл халықаралық жарысқа 2600 - ден астам адам әлемнің 17 елінен қатысты. Оның ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Еуропа, Азия, Австралия елдері де бар. Қатысушылар жасы 7 мен 70 тен жоғары аралығында.

«Oceanman Kazakhstan-2024» жарысына «ҚазТрансОйл» АҚ мамандары да қатысты.  Қуаныш Асқар – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының жабдықтарды жинақтау инженері Half  Oceanmen дистанциясында  5 км жүзіп өтіп,  өз категориясында 1 - орын алды. Қуаныш желтоқсан айында Дубайда өтетін мәрелік Ironmen әлем чемпионатына жолдама алды.

Сондай ақ жарысқа Атырау мұнай құбыры басқармасының күрделі құрылыс және жөндеу қызметінің инженері Алтынай Инташева қатысып, берілген уақыт 2 сағат 30 минутта 5 км қашықтықты жүзіп өтті.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер