KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Гүлнаш Қуанова: жұмысты сапалы орындау – негізгі қағидам

 16.08.2024    1314
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Өзен» бас мұнай айдау станциясының ауысым бастығы Гүлнаш Қуанова мамандық таңдауына не әсер еткенін айтып берді.
 
Археолог болу – арманым болып қала берді. Жас кезімде мені әрдайым тарихтың біз білмейтін құпиялары өзіне тартып тұратын. Қазба жұмыстары, ежелгі артефактілерді зерттеу – осылардың бәрі қызық қой. Бірақ мамандық таңдау мәселесіне келгенде «отбасы немесе жұмыс» деген екінші сұрақ туындады.  Археология әлемі өзіне қанша тартып тұрса да мұнай саласын таңдадым. Осылайша Алматылық қыз шалғайдағы Маңғыстаудан бір-ақ шықты. Мұнда өз тағдырымды кездестіріп, үш баланың анасы атандым.
 
Жұмысты сапалы орындау – негізгі қағидам. 30 жылдан астам уақыт бойы «Өзен» бас мұнай айдау станциясында жұмыс істедім. 1991 жылы институтты бітіргеннен кейін бірден осында еңбек жолын бастадым. Ол кезде станцияның «Южнефтепровод» ӨБ жанындағы «Өзен»  ЖӨДС деп аталғаны есімде.
 
Үздік тәлімгерлер әрқашан есте қалады. Институттан кейін мені ұжым жылы қарсы алды. Юлия Ивановна Максимова және Мария Михайловна Кузнецова сияқты тәлімгерлер көп нәрсені үйретіп, көмектесті. Оларды өз ісінің маманы ретінде үлкен ризашылықпен және құрметпен еске аламын. Осындай алғыс сөзге Сәбит Қыдырниязов та лайық. Ол кезде слесарь болып жұмыс істейтін, көп нәрсені білетін және білімімен бөлісуге дайын болатын. Осындай тәлімгерлердің арқасында үлкен тәжірибе жинап, өз саламның маманы атандым.
 
Жас мамандардың жұмысқа деген қызығушылығын көргенде білім және тәжірибеммен қуана бөлісемін. Мен тек жұмысқа жұмыс үшін келмей бірнәрсені үйренуге тырысатын жастарды құрметтеймін. Бақытымызға орай, ынталы жастар көп. Ақылды, көп оқыған және лайықты адамдар әрқашан трендте болмақ. Мұндай адамдарды жақсы көремін. Ақылды, көп білетіндер бар, бірақ тәрбиесі - нөл. Оқымаса да жүрегі адамгершілікке толы жандар бар. Яғни мен үшін бірінші орында жоғары адамгершілік.
 
Әже болу – әлемдегі ең үздік хобби. 4 немерем бар. Ана болу – Алланың сыйы. Өзің әже болған кезде мүлдем басқа сезім екен. Балаларды тәрбиелеген кезде кей нәрсеге рұқсат беріп, кей нәрсеге рұқсат бермейсің. Бірақ немерелерге келгенде тыйым сала алмай қаласың. Бұрын балаларды тыйған нәрселерді қазір немерелерім жасауына болады.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер