Қарағанды мұнай құбыры басқармасының мамандары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында құстарға арналған үйшіктер дайындап, қаладағы саябақтардағы ағаштарға ілді.
- Бұл іс-шараны адамдардың қоршаған ортаға назарын аударту мақсатында ұйымдастырдық. Құс үйлері биоәртүрлілікті сақтауға және аймақтың экожүйесін жақсартуға көмектеседі. Бастысы акцияға қатысушыларымыздың жас ерекшеліктерінің әртүрлі болғандығы қуантады. Әріптестерімізбен бірігіп қаладағы саябақтарға және басқарма аумағындағы ағаштарға 20 құс үйшігін орнаттық, - дейді Қарағанды мұнай құбыры басқармасының инженер-экологі Дархан Мұқашев.