«ҚазТрансОйл
» АҚ Шымкент мұнай
құбыры басқармасының «Шолаққорған» бас мұнай айдау станциясында азаматтық қорғаныс бойынша жаттығу
өткізілді.
Штабтық жаттығуға Атырау МҚБ, Ақтөбе МҚБ, Жезқазған МҚБ, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы мен Шымкент мұнай құбыры басқармалары қатысып, Орталық аппараттан онлайн басқарылып отырылды.
Сценарий бойынша барлық қызметкерлер жұмыс орындарында өндірістік міндеттерді әдеттегідей орындау бойынша жұмыстар жүргізеді. Елдің батыс аймағында төтенше жағдай орын алып, Қоғамның иелігіндегі мұнай құбырының желілік бөлігі қирайды. Осы себептен басшылық Қоғамның жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға ішінара көшіру туралы шешім қабылдайды.
Жаттығу соңында азаматтық қорғаныс күштерінің төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығына оң баға берілді.
Жансая Сыдықбай,
Шымкент мұнай құбыры басқармасының
қоғаммен байланыс жөніндегі маманы