«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында компания нысандарында қызмет көрсететін мердігер ұйым жетекшілерінің қатысуымен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жиын өтті. Кездесуге «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы, компания орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері, оқшауланған құрылымдық бөлімшелері, еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдар жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарында еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығына аса мән берілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабылов қатысушыларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша үшінші тоқсанда орын алған оқиғаларға шолу жасап, күзгі-қысқы кезеңнің басталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту қажет екенін баса айтты.
Сондай-ақ жиынға қатысушыларға «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарында жол қозғалысы қауіпсіздігі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша баяндамалар таныстырылды.