KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбыры нысанында қосалқы станцияға қайта құрылымдау жүргізілді

 12.12.2024    172
«Қазақстан-Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау сенімділігін арттыру үшін «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырының №8 мұнай айдау станциясындағы ПС-35/10кВ қосалқы станциясының жоғары вольттық құрал-жабдықтар іргетасын қайта құрылымдады.

Қайта құрылымдау ПС-35/10кВ қосалқы станциясындағы жоғары вольттық құрал-жабдықтар мен ғимараты іргетасының астындағы топырақтың шөгуіне байланысты қолға алынған. 

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ-тың 50% қатысуымен және China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation 50% қатысуымен) «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді. Аталмыш мұнай құбырлар «Қазақстан-Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің бір бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 17 мамырдағы мұнай  және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы Шекті келісім аясында салынған.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер