KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесі нысандарының сенімділігін арттырады

 11.10.2024    4816
«ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызмет көрсету шеңберінде 2024 жылдың 9 айында «Атасу – Алашанькоу» және «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбырларындағы 36 ақауды жойды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов Үшарал қаласындағы «Атасу – Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырының сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралармен танысты. Ол сондай-ақ өндірістік нысандардың күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексеріп, ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды уақтылы орындауды тапсырды.

Сонымен қатар, Алматы қаласында Арман Қасенов «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС басшылығымен («ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесінің 50% және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. қатысу үлесінің 50%) және «МұнайТас» СБҚК» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесінің 51% және CNPC Exploration and Development Company Ltd. қатысу үлесінің 49%) кездесті.  Басқарма төрағасына 2024 жылдың 9 айындағы «ҚазТрансОйл» АҚ бірлескен-бақыланатын компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы баяндалды.

 «ҚазТрансОйл» АҚ 2004 жылдан бастап «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-не, 2006 жылдан бастап «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-не операторлық қызмет көрсетеді. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС «Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырларын иеленеді. «МұнайТас» СБҚК» ЖШС «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырына тиесілі. Бұл мұнай құбырлары «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің бөлігі болып табылады және 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісім шеңберінде салынған.
 
Реакция:
Серiктестер