KZTO 822,98 (+0,50%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 822,98 (+0,50%)

Абай Бейсембаев Назарбаев Университетінің студенттеріне «КазТрансОйл» АҚ-ның қызметі туралы дәріс оқыды

 17.10.2024    55

«КазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев Назарбаев Университетінде арнайы шақырылыммен студенттерге арнап дәріс оқыды. Іс-шараны SPE (Society of Petroleum Engineers) —мұнай және газ өнеркәсібі мамандарының халықаралық коммерциялық емес кәсіби ұйымы өкілдері ұйымдастырды.



Лекцияға техникалық және инженерлік мамандықтардың студенттері жиналды, олардың арасында Назарбаев Университеті Жер ғылымдары және тау-кен ісі мектебінің деканы профессор Рэнди Дойл Хазлетт те болды.

Лекция барысында Абай Бейсембаев Қазақстандағы мұнай тасымалдау тарихы мен қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол «КазТрансОйл» компаниясы қызметі мен оның отандық мұнай-газ секторындағы рөлі туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесудің соңында студенттер спикерге сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Болашақ мамандарды негізінен Қазақстанда өндірілетін мұнайдың ерекшеліктері мен мұнай құбырларының техникалық аспектілері қызықтырды.


Реакция:
Серiктестер