Марафонға еліміздің түкпір түкпірінен 1000 -нан аса қатысушы қатысты. Самрұқ Қазына, ҚазМұнайГаз ҰҚ АҚ еншілес компаниялар қызметкерлері, өлке тұрғындары 5 және 10 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті.
Марафонға «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері де қатысты. Маңғыстау, Атырау, Павлодар мұнай құбыры басқармаларынан, Батуми мұнай терминалынан қатысқан мамандар берілген қашықтықты сәтті өтті.
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының қызметкері Ербол Шамұратов +40 жас өз категориясында 10 шақырымды еңсеріп, 2- орынға ие болды.
ҚМГ басшысы Асхат Хасенов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, «Munaily Marathon» спортты насихаттаумен бірге, қайырымдылық және қоғамдық жобаларды қолдау арқылы игі іске әрбір адамның өз үлесін қосуына мүмкіндік беретінін атады.
Жиналған қаражат Түпқараған және Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласындағы үш тірек мектептің спорт залдарын қосымша жарақтандыруға жұмсалады.