Мұнай тасымалының маңызды күре тамырларының бірі «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбырының пайдалануға берілгеніне биыл 15 жыл толып отыр. Осыған орай Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасына қарасты құрылымдық бөлімшелер, яғни «Құмкөл» желілік пайдалану учаскесі мен «Арал» тіректі апаттық-қалпына келтіру пункті қызметкерлерін басқарма басшылығы құттықтап марапаттады. Аталмыш іс-шараға бастапқы кәсіподақ ұйымы қолдау көрсеткенін атап өту керек. Құрылымдық бөлімшелердің бірқатар қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен «Кеңқияқ – Құмкөл» ММҚ-ның 15 жылдығына арнайы дайындалған естелік белгілер табысталды.
– Қоғам игілігі үшін осы алған беттеріңізден таймай және аянбай қызмет етіп жатқандарыңыз үшін зор алғыс білдіремін. Алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін. Осы орайда Қоғам басшылығы тарапынан әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деп атап өтті басқарма бастығы Амангелді Үрпеков.