KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры бойынша 2025-2029 жылдарға арналған Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау тарифтері бекітілді

 04.12.2024    82
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Комитет Департаментінің бұйрығына сәйкес «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нің («ҚазТрансОйл» АҚ 50% қатысуы және China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation 50% қатысуы) «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры бойынша 2025-2029 жылдары Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдауға арналған реттелетін қызметтерге тарифтер бекітілді.

2025 жылы тариф 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 338,49 теңгені, 2026 жылы -  1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 390,48 теңгені, 2027 жылы -  1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 693,05 теңгені, 2028 жылы -  1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 4 202,89 теңгені, 2029 жылы -  1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 769,47 теңгені құрайды.

«Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнай Павлодар мұнай-химия зауыты, Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Амангелді газ өңдеу зауытына жеткізіледі.

«Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры «Қазақстан - Қытай» магистральдық мұнай құбырының бір бөлігі болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы мұнай-газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы Шекті келісімі аясында салынған. 2009 жылы пайдалануға берілген. Мұнай құбырының ұзындығы – 794,2 км. Мұнай құбырының жобалық қуаты жылына 10 млн тонна мұнайды құрайды.
 
Реакция:
Серiктестер