KZTO 804,50 (-0,92%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 804,50 (-0,92%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасында колледж студенттеріне тәжірибе сабақтары өтті

 03.03.2025    167
Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Атырау облысыныдағы Сафи Өтебаев атындағы Жылыой Мұнай және газ технологиялық колледжі студенттеріне Құлсары мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасының рентгеногаммаграфия инженері Нұрлан Мәдиев дәріс өткізді. Сонымен қатар, электр жабдықтарын қолдану жөндеу жөнінде тәжірибелік сабақтар жүргізді. 




 
Тәжірибелі сабақтардың 2-ші сатысы бойынша, Сафи Өтебаев атындағы Жылыой Мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері «Құлсары» желілік өндірістік диспетчерлік станциясы Амандық Құлтұмиев атындағы мұнай айдау станциясының өндірістік нысандарымен танысып, мұнай тасымалдаудағы технологиялық процестерді көзбен көрді.
 
Студенттерге диспетчерлік Орталық, магистральдық сорғылар жұмысы мен қондырғылар таныстырылды. Өндірістік экскурсия барысында студенттерге Технологиялық процестердің автоматтандырылған жүйесін басқару инженерлері Нұрлыбек Айдынов пен Ерлан Исахаев станциядағы өндірістік нысандардың атқаратын қызметін түсіндірді.
 
Атап өткен жөн, жергілікті мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері тұрақты түрде Құлсары мұнай құбыры басқармасында өндірістік практикадан өтіп тұрады. Талапты студенттер іріктеліп, жұмысшы кадрлар есебіне алынады. Басқармада негізінен жұмысшы мамандықтар бойынша осы колледж бітірушілері жұмысқа қабылданады.   
 
Реакция:
Серiктестер