KZTO 810,00 (-0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,00 (-0,12)

Батуми теңіз порты мен Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

 18.07.2025    11
Бүгін Батуми теңіз портында «Батуми теңіз порты» ЖШС мен «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Келісім Грузия мен Қазақстан арасындағы транзиттік тасымалдарды, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясындағы қатынасты дамытуға және екі порттың инфрақұрылымдық әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған.
Құжат аясында өзара іс-қимылдың келесі бағыттары көзделген:
  • техникалық және операциялық тәжірибе алмасу;
  • жүк ағындарын дамыту және әртараптандыру;
  • маркетингтік іс-шараларды үйлестіру және кеме қатынасы компанияларымен жұмыс істеу;
  • кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын ұйымдастыру және жұмыс сапарларын өткізу.
Сондақ-ақ тараптар өңірлік логистикалық нарықтарды бірлесіп талдау және жүк өңдеу мен логистика саласындағы тиімді шешімдерді енгізу жөнінде уағдаласты.
Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және компаниялардың тұрақты әрі ұзақмерзімді әріптестікке деген ортақ ниетін білдіреді.
Реакция:
Серiктестер