KZTO 803,50 (-0,19)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 803,50 (-0,19)

«ҚазТрансОйл» АҚ пен SPI арасындағы мұнай құбыры көлігіндегі инновациялар мен технологиялар жөніндегі алғашқы бейнеконференция

 06.08.2025    98

Ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновациялармен алмасу мақсатында 5 тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ мен SINO-PIPELINE International компаниясы арасында мұнай құбырын тасымалдау технологиялары бойынша бірінші бейнеконференция өтті. Іс-шараға «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» СБҚК» ЖШС және SEAOP (South-East Asia Crude Oil Pipeline Co Ltd) қытай компаниясының басшылары мен өкілдері қатысты.

Бейнеконференция барысында өндірістік қызметтің негізгі бағыттары бойынша озық әзірлемелер мен тәжірибелер ұсынылды. Инновациялық және технологиялық шешімдер талқыланып, ұсынылған ынтымақтастық форматы мен ғылыми-техникалық саладағы одан әрі тәжірибе алмасу бастамалары қолдау тапты.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Күшжанов ұйымдастырушыларға бұл бағыттағы өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Ол мұндай іс-шаралардың өзекті өндірістік міндеттерді шешудегі маңызын атап өтіп, компания тарапынан тәжірибе алмасу бастамасына қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Реакция:
Серiктестер