KZTO 837,00 (+0,33)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 837,00 (+0,33)

Вахталық персонал тұратын объектілерде өрт-тактикалық сабақтар өткізілді

 12.09.2025    150

Қарағанды мұнай құбыры басқармасының «Степное» МАС және «Трудовое» АВП нысандарында 2025 жылғы тамыз-қыркүйек айларында бекітілген кестеге сәйкес вахталық құрам тұратын жерлерде өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.

Іс-шара барысында  өртті автоматты түрде анықтау және өрт туралы хабардар ету жүйелерін іске қосу, қызметкерлерді белгіленген эвакуациялық жиналу орындарына шығару іс-қимылдары пысықталды.

Нәтижесінде вахталық нысандардағы персоналды қауіпсіз эвакуациялау дағдылары бекітіліп, төтенше жағдайлар кезінде ерікті өртке қарсы құрылымдар мүшелерінің шұғыл әрі үйлесімді іс-қимыл жасауға теориялық және тәжірибелік дайындығы тексерілді.








Реакция:
Серiктестер