KZTO 829,96 (+1,33)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 829,96 (+1,33)

Зейнеткерімізге құрмет көрсетілді

 22.09.2025    29

Павлодар қаласында футболдан жергілікті «Ертіс» және «Түркістан» командалары арасында өткен ойын барысында Павлодар мұнай құбыры басқармасының зейнеткері, көп жылдар бойы технологиялық көлік және арнайы техника цехында көлік жүргізушісі болып еңбек еткен Қайролла Сүлейменовке құрмет көрсетілді. Биыл жетпіс жасты еңсерген зейнеткерімізді Павлодар футбол федерациясының президенті Ойрат Садуов клубтың және  барша жанкүйерлер атынан туған күнімен құттықтап, «Ертіс» футбол командасының үздік адал жанкүйері ретінде «70» саны жазылған арнайы жейдені сыйға тартты. 

Жастарға үлгі көрсетіп жүрген зейнеткерімізге осы күні Павлодар қаласы әкімінің құттықтау хаты да табысталғанын атап өту ләзім.

Жетпіс жасқа келсе де жасыл алаңда  әуесқойлармен бірге доп қуып, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген Қайролла Ахметжанұлына біз де зор денсаулық, бақыт пен отбасылық амандық тілейміз.



Реакция:
Серiктестер