KZTO 863,48 (+0,64)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 863,48 (+0,64)

«ҚазТрансОйл» АҚ жасанды интеллектіні енгізу бойынша жүйелі шаралар қабылдауда

 02.10.2025    35

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ компанияның, оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының қызметіне жасанды интеллекті (ЖИ) әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шара барысында «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының атқарған жұмысы туралы есеп ұсынылды, сондай-ақ компания қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуді қарастыратын «ҚазТрансОйл» АҚ ЖИ енгізу бойынша Жол картасы талқыланды.

Кеңес барысында «ҚазТрансОйл» АҚ және оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарында ЖИ дамыту мен енгізудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлейтін жауапты тұлғалар және фокус-топтар мен сараптамалық топтардың құрамы анықталды. Сонымен қатар, фокус-топтың міндетіне ЖИ саласындағы бастамаларды іске асыру бойынша нақты тапсырмаларды орындау және іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу кіреді.

Кездесуде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов мұнай құбыры тасымалы цифрлық IT-шешімдерді, соның ішінде ЖИ технологияларын енгізу үшін қолайлы орта екенін атап өтті. Сонымен қатар, жасанды интеллект интеллектуалды көмекші ретінде қарастырылып, адам әлеуетіне қауіп төндірмейтіні баса айтылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ заманауи технологиялық сын-қатерлерге сәйкес цифрлық трансформацияға бет бұруды жалғастырып, инновациялық шешімдер арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылуда.




Серiктестер