KZTO 869,87 (+0,74)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 869,87 (+0,74)

«Таза Қазақстан» бастамасы өндірістік орындарда, мәдени мұра нысандарында және табиғатты қорғау аймақтарында

 04.10.2025    13

Сисем-Ата қорымында сенбілік өткізді

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері Сисем-Ата тарихи-мәдени қорымын абаттандыру және сақтау мақсатында сенбілік акциясын ұйымдастырды.

Бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен абаттандыруға бағытталды.

Шара барысында қорым аумағындағы 25 гектар жер тазартылып, қоқыс толық шығарылды, тазалық пен тәртіп орнатылды.

Осы арқылы әріптестер белсенді азаматтық ұстанымын танытып, қазақстандық мәдени-рухани құндылықтарды сақтауға өз үлесін қосты.

Мұндай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сондай-ақ еліміздің тарихи мұрасына деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға да ықпал етеді.

Шымкенттегі сенбілік

Шымкент мұнай құбыры басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құрсай тұрғын алабынан өтетін «Павлодар–Шымкент» магистральдық мұнай құбырының қорғау аймағында сенбілік өткізді.

Акцияға басқарманың 20 қызметкері қатысып, шамамен 10 гектар аумақты тұрмыстық қалдықтан тазартты. Нәтижесінде 2,2 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды.

Мұнайқұбыршылар табиғатты қорғауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және жасыл болашақ үшін үлес қосуға әрдайым ерекше мән береді.

Бұл бастама – экологиялық мәдениетті арттыруға, әріптестер арасында жауапкершілікті күшейтуге және еліміздің таза әрі жасыл келешегін қалыптастыруға бағытталған.

Құс үйлері орнатылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай   Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының аумағындағы ағаштарға бірнеше құс үйлері орнатылды.

Шараға басқарма қызметкерлері белсене атсалысып, «Жас мамандар кеңесі» мен жетекші инженер-экологы Мырза Қожабековтың бастамасымен және Бастапқы кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Олар табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін атап өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – табиғатты аялау, жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру және құстарға қолайлы жағдай жасау. Құс ұялары ағаштарға арнайы бекітіліп, табиғи ортаға зиян келтірмей орнатылды.




Реакция:
Серiктестер