KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақылары

Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының директорлар кеңестерін/байқау кеңестерін құру ережесімен белгіленеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ірі акционерінің өкілдері үшін сыйақы мөлшері мен шарттары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ уәкілетті органының шешімі негізінде белгіленеді. Бұл ретте функционалдық міндеттеріне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының директорлар кеңестерінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мүдделерін білдіру кіретін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметкерлеріне Директорлар кеңесінің мүшелігі үшін сыйақы төленбейді. Сондай-ақ, директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органының басшысы бұл органдағы жұмысы үшін сыйақы алмайды.
 

Директорлар кеңесінің мүшелеріне олармен жасалған шарттар негізінде келесі сыйақылар төленеді:​

  • жылына 24 000 000 (жиырма төрт миллион) теңге мөлшерінде бекітілген сыйақы;
  • Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің бетпе-бет отырыстарына қатысқаны үшін 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде қосымша сыйақы.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне Директорлар кеңесі мүшесінің тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде орналасқан жерде өтетін Директорлар кеңесінің отырыстарына, Директорлар кеңесінің комитеттеріне және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі немесе Директорлар кеңесі төрағасының бастамасымен өтетін отырыстарға барумен байланысты шығындарды (жол, тұру, тәуліктік) өтейді.

Тәуелсіз директорларға сыйақы төлеу келесі шарттарға сәйкес жүзеге асырылады:
  • Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін Компанияның мүдделерін мейлінше жоғары дəрежеде көрсететін тəсілдерді пайдалана отырып, адал орындау;
  •  Шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасын жəне Компания Жарғысын басшылыққа алу;
  • Сырқаттануды, демалысты, іссапарларды қоспағанда Компания Директорлар кеңесінің бас қосқан отырыстарына қатысу жəне барлық сырттай отырысына қатысу.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу ережесі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    223.24Кб    389
Серiктестер