KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Омбудсмен

«ҚазТрансОйл» АҚ-да омбудсмендер институтын құру «ҚазТрансОйл» АҚ-да корпоративтік басқаруды жетілдіруге және оны корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес келтіруге бағытталған, «ҚазТрансОйл» АҚ-да іскерлік әдептің таралуын, этика саласындағы барлық бұзушылықтарды, «ҚазТрансОйл» АҚ-да ішкі құжаттарының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын тәуелсіз және бейтарап қарауды қамтамасыз етуге арналған.

Омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, «ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысын, Омбудсмен туралы ережені, Корпоративтік басқару кодексін, «ҚазТрансОйл» АҚ Іскерлік этика кодексін және «ҚазТрансОйл» АҚ өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

»ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменінің негізгі міндеттерінің бірі еңбек дауларын, жанжалдарын, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ «ҚазТрансОйл«АҚ жұмыскерлерінің корпоративтік (іскерлік) этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменінің негізгі міндеттері: жүгінген жұмыскерлерге, еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды және қажет болған жағдайда құпиялылық қағидатын ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу; жұмыскерлердің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ жұмыскерлердің корпоративтік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу; «ҚазТрансОйл» АҚ Корпоративтік (іскерлік) этика кодексінің ережелерін «ҚазТрансОйл» АҚ басшылары мен жұмыскерлеріне олар жүгінген жағдайда түсіндіру, этикалық мәселелер бойынша кеңес беру болып табылады.
 

2024 жылғы 1 қарашадан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ақберген Серік Ишанбекұлы «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені болып тағайындалды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның, оның еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдарының лауазымдық  қызметкерлері, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұмыскерлері және басқа да стейкхолдерлері омбудсменге жедел желі арқылы жүгіне алады:
1) сенім телефоны бойынша ауызша нысанда +7 /7172/ 555-210;
2) электрондық сенім жүйесіне жазбаша нысанда – senim@kaztransoil.kz
 
Бұдан басқа, аталған адамдар омбудсменге өтініштерді қағаз күйінде: «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменіне» деген белгісі бар конвертте (пакетте) 010000, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20, 12-т.е.ү. мекенжайы бойынша жіберуге құқылы, хаттар оған ашылмай беріледі.
 
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша омбудсменнің жауаптары өтініш берушілерге олар келіп түскен нысанда (жазбаша немесе ауызша) ұсынылатын болады.
 


Серiктестер