Бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сапа, денсаулық және қауіпсіздік, экология мәселелерін тиімді басқару әрі энергия тиімділігін арттыру мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-та интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізіліп, жұмыс істейді.
Интеграцияланған менеджмент жүйесі Компанияны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және келесі халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді:
-
ІЅО 9001:2015 - сапа менеджменті жүйесі;
-
ISO 14001:2015 - экологиялық менеджмент жүйесі;
-
ISO 450001:2018 - денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі;
-
ISO 50001:2018 - энергияны басқару жүйесі.
2023 жылы «TUV NORD CTRT GmbH» сертификаттау органы интеграцияланған менеджмент жүйесіне инспекциялық аудит жүргізді, оның қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 14001:2015 стандартының талаптарына сәйкестігін растады.
Биоалуантүрлілікті сақтау
«ҚазТрансОйл» АҚ Компания қызметінің қоршаған ортаға әсер етуінің ықтимал теріс факторларын барынша азайтуға тырысып, өзінің қызметін асыратын жерлерінде биологиялық әртүрлілікті сақтауға күш салады. 2022 жылы құстардан қорғайтын құрылғыларды (ҚҚҚ) орнату жұмыстары жүргізілді, бұл желілік ажыратқыштарға қону кезінде құстардың өлу ықтималдығын едәуір азайтты. Жалпы Жезқазған, Шымкент және Атырау мұнай құбыры басқармаларында 242 жиынтық орнатылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ «Құстар мен энергетика: тұрақты дамуды іздеуде» атты дөңгелек үстелге қатысты. Энергетика саласындағы компаниялардың ақпараттық ашықтығының тәуелсіз рейтингінің қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (ҚПО), NCOC және т.б. компанияларды артта қалдырып, жетекші орын алады.
Міндетті экологиялық сақтандыру
Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның авариялық ластануы нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын Қоғамның барлық жекеленген құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасайды.