KZTO 607,30 (-0,77%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 607,30 (-0,77%)
Brent 78,42 (+0,85%)
WTI 73,75 (+0,75%)
453,4
491,49
5,9

Экологиялық менеджемент

Бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сапа, денсаулық пен қауіпсіздік, экология мен энергия тиімділігін арттыру мәселелерін тиімді басқару мақсатында Компанияда интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген және қолданылады.

Интеграцияланған басқару жүйесі Компанияны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мынадай халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді:
  • ISO 9001: 2015 - сапа менеджменті жүйесі;
  • ISO 14001: 2015 - экологиялық менеджмент жүйесі;
  • OHSAS 18001: 2007 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі;
  • ISO 50001: 2011 – энергоменеджмент жүйесі.
2021 жылы «TUV NORD CTRT GmbH» сертификаттау органы менеджменттің интеграцияланған жүйесіне сертификаттау аудитін жүргізді, оның қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 14001:2015 стандартының талаптарына сәйкестігін растады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың экологиялық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    194.69Кб    28

«ҚазТрансОйл» АҚ су ресурстарын басқару қағидалары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    461.17Кб    54

«ҚазТрансОйл» АҚ-та экологиялық аспектілерді басқару қағидалары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    760.36Кб    52

«ҚазТрансОйл» АҚ қалдықтарды басқару қағидалары (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    478.51Кб    50

Биоалуантүрлілікті сақтау
«ҚазТрансОйл» АҚ Компания қызметінің қоршаған ортаға әсер етуінің ықтимал келеңсіз факторларын барынша азайтуға тырыса отырып, өзінің болатын жерлерінде биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін күш-жігер жұмсайды.

Биіктік электр беру желілерінде құстарды тоқпен зақымданудан қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
Міндетті экологиялық сақтандыру
Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның авариялық ластануы нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын Қоғамның барлық жекеленген құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасайды.
Серiктестер