Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.
Техникалық шарттар тұтынушыға мыналардың негізінде беріледі:
-
Еркін нысандағы өтініш және қосымшаға сай нысан бойынша электр желілеріне қосуға техникалық шарттар беру үшін өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі - сауалнама парағы) қоса беріледі. Сауалнама парағына дербес немесе сараптама ұйымын тарта отырып орындалған өтінім берілген электр қуатының ахуалдық жоспары мен есептеу-негіздемесі қоса беріледі;
-
Мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (дара кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
-
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін электр желілерінің баланстық тиесілігін шектеу және тұтынушыны қосу схемасымен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің жасалған және қол қойылған актісімен бірге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңадан енгізілетін немесе қайта құрылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.
Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Энергия беруші ұйым мен тұтынушы арасындағы қалған өзара қарым-қатынастар Қағидалармен реттеледі.
Қоғамның электр желілеріне технологиялық қосылуға құжаттарды қабылдау