Еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдар
«ҚазТрансОйл» АҚ негізгі бизнестегі еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың топтық басқарудың тиімді тетіктеріне негізделген. теңгерімді дамуына ұмтылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ келесі еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың қатысушысы және акционері:
«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдармен өзара әрекеттестігінің негізгі мақсаттары:
«ҚазТрансОйл» АҚ келесі еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың қатысушысы және акционері:
- «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС (қатысу үлесі – 50%),
- «МұнайТас» ЖШС (қатысу үлесі – 51%),
- «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (100% үлесі),
- «Petrotrans Limited» жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (100%),
- «Магистральдық суағызғы» ЖШС (100%).
«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдармен өзара әрекеттестігінің негізгі мақсаттары:
- «ҚазТрансОйл» АҚ және еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың негізгі бизнестегі тұрақты дамуын, қызметінің пайдалылығын, инвестициялық тартымдылығын арттыруды қамтамасыз ету;
- «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері мен еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың (қатысушылардың) құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
- Қоғамның және еншілес, бірлескен бақылаудағы ұйымдардың акционерлері, лауазымды адамдары мен қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру, олардың арасында және көрсетілген топтар ішінде жанжалдар болуының алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдау;
- «ҚазТрансОйл» АҚ және еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың негізгі бизнестегі үйлестірілген және тиімді стратегиясы мен инвестициялық саясатын әзірлеу және іске асыру.