KZTO 916,90 (-0,55%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 916,90 (-0,55%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС

Жалпы ақпарат

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын жобалау, салу және пайдалану мақсатында құрылған, қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ және мұнай мен газды барлау және игеру жөніндегі Қытай Ұлттық компаниясы (бұдан әрі – CNODC) (50/50) болып табылатын, шетелдік қатысатын заңды тұлға. ҚҚҚ 2004 жылғы 30 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ және CNODC шешімімен 2004 жылғы 17 мамырда ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасында жасалған «Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» сәйкес құрылды.
 
ҚҚҚ табиғи монополиялардың субъектісі болып табылады.
 
ҚҚҚ екі магистральдық мұнай құбырының иесі болып табылады:
  • 2006 жылы пайдалануға берілген, ұзындығы 965,1 км (оның ішінде ҚХР аумағында 2,2 км), диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті жылына 10 млн т. құрайтын «Атасу-Алашанькоу» құбыры.
  • 2009 жылы пайдалануға берілген, ұзындығы 794,263 км, диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті 10 млн т/г, «Кеңқияқ-Құмкөл» құбыры.
Екі магистральдық мұнай құбыры да Қазақстан-Қытай мұнай құбырының учаскелері болып табылады.
 
Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін 20 млн т/г дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
Тасымалдау көлемі, мың т 10 092 10 889 10 391 11 817 16 147 15 870 14 089 16 538 16 301 16 200 15 883 17 411 19 235 18 806
Жүк айналымы, млн т * км 12 495 13 859 13 745 15 655 15 565 15 664 13 110 15 609 14 607 14 590 14 368 15 592 17 315 16 872
Негізгі қызметтен түскен түсім, млн теңге 48 367 54 788 54 597 67 697 48 168 51 135 53 486 63 233 60 886 76 186 77 828 74 018 86 319 86 843
Жалпы пайда, млн теңге 32 143 34 868 31 917 42 780 19 947 21 488 24 178 33 282 32 780 46 380 46 007 41 162 49 476 47 900
Қорытынды пайда, млн теңге 14 188 18 331 14 040 21 297 (-13 972) (-89 143) 12 649 12 450 (-7 452) 25 392 19 984 23 216 29 451 31 971

ОРГАНдар

Жоғары басқару органы – Қатысушылардың жалпы отырысы
 
Бақылаушы орган – Байқау кеңесі:
  • Байқау кеңесінің төрағасы: Исақов Ж.Ә. – «ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директор («ҚазТрансОйл» АҚ ұсынысы бойынша);
  • Байқау кеңесінің мүшесі: Цай Цзянь – CNODC ұсынысы бойынша
Атқарушы орган – Басқарма:
  • Тянь Айминьбас директор (Басқарма төрағасы);
  • Рзиев С.А. – бас директордың бірінші орынбасары;
  • Тұрлыханов Е.Д. – бас директордың экономика жөніндегі орынбасары;
  • Пан Тао – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • Қорғанбеков Е.Т. - бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
  • Цао Инвэй – бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, 050008
Алматы қ., Абай даңғылы, 109 В
Телефон:+7(727) 331 33 10,
Факс: +7(727) 330 97 40,
Сайт: http://www.kcp.kz
Серiктестер