KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС

Жалпы ақпарат

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын жобалау, салу және пайдалану мақсатында құрылған, қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ және мұнай мен газды барлау және игеру жөніндегі Қытай Ұлттық компаниясы (бұдан әрі – CNODC) (50/50) болып табылатын, шетелдік қатысатын заңды тұлға. ҚҚҚ 2004 жылғы 17 мамырда ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасында жасалған Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес 2004 жылдың шілде айында құрылды.
 
ҚҚҚ табиғи монополиялардың субъектісі болып табылады.
 
ҚҚҚ екі магистральдық мұнай құбырының иесі болып табылады:
  • 2006 жылы пайдалануға берілген, ұзындығы 965,1 км (оның ішінде ҚХР аумағында 2,2 км), диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті жылына 10 млн т. құрайтын «Атасу-Алашанькоу» құбыры.
  • 2009 жылы пайдалануға берілген, ұзындығы 794,263 км, диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті 10 млн т/г, «Кеңқияқ-Құмкөл» құбыры.
Екі магистральдық мұнай құбыры да Қазақстан-Қытай мұнай құбырының учаскелері болып табылады.
 
Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін 20 млн т/г дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024
Тасымалдау көлемі, мың т 16 301 16 200 15 883 17 411 19 235 18 806 18 789
Жүк айналымы, млн т * км 14 607 14 590 14 368 15 592 17 315 16 872 16 858
Негізгі қызметтен түскен түсім, млн теңге 60 886 76 186 77 828 74 018 86 319 86 843 87 939
Жалпы пайда, млн теңге 32 780 46 380 46 007 41 162 49 476 47 900 48 265
Қорытынды пайда, млн теңге (-7 452) 25 392 19 984 23 216 29 451 31 971 36 542

ОРГАНдар

Жоғары басқару органы – Қатысушылардың жалпы отырысы
 
Бақылаушы орган – Байқау кеңесі:
  • Байқау кеңесінің төрағасы: Цай Цзянь – CNODC ұсынысы бойынша
  • Байқау кеңесінің мүшесі: Исақов Ж.Ә. – «ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директор («ҚазТрансОйл» АҚ ұсынысы бойынша);
Атқарушы орган – Басқарма:
  • Құрманбаев Т.Н. – бас директор (Басқарма төрағасы);
  • Тянь Айминьбас директордың бірінші орынбасары;
  • Тұрлыханов Е.Д. – бас директордың экономика жөніндегі орынбасары;
  • Пан Тао – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • Ноғайбаев А.С. - бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
  • Цао Инвэй – бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, 050008
Алматы қ., Абай даңғылы, 109 В
Телефон:+7(727) 331 33 10,
Факс: +7(727) 330 97 40,
Сайт: http://www.kcp.kz
Серiктестер