Басқарма

Ален Таңатаров
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары
Басқарма құрамына 2019 жылғы 9 шілдеде сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған жылы: 23 тамыз 1981 жыл.

Білімі: 2002 жылы «инженер-мұнайшы» мамандағы бойынша Талсы Университетін (АҚШ) бітірді, «қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Саффолк Университетінің (АҚШ) МВА дәрежесі бар. 2016 жылы Гарвард бизнес мектебінде «Жоғарғы буын басшыларына арналған бағдарлама» бойынша оқудан өткен.

Жұмыс өтілі:
  • Еңбек жолын 2000 жылы Шеврон компаниясының Еуразиядағы жұмыс бөлімінің инженері болып бастады. «ТеңізШевроил» ЖШС-да игеруді басқару бөлімінің инженері болды.
  • Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-та, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та жұмыс істеді, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС-ны басқарды.
  • 2010 жылдан бастап 2014 жыл ішінде NCOC компаниясында «Ақтоты», «Қайран» кен орындарын игеру жөніндегі үйлестіруші, «Қашаған» кен орнының бірінші кезеңін іске асыруды үйлестіру бөлімінің бастығы ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан тұрақты іссапарда болды.
  • 2014 жылдың наурыз айынан бастап 2014 жылдың қазан айына дейін «Бірлескен химиялық компания» ЖШС-ның органикалық химия жобалары жөніндегі басқарушы директоры болып істеді.
  • 2014 жылдың қазанынан 2016 жылдың ақпаны аралығында «KLPE» БМ ЖШС бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.
  • 2016 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директоры болып істеді.
  • 2019 жылғы 3 желтоқсаннан бастап – «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШҚ Байқаушы кеңесінің төрағасы.
Жұмыс бойынша қоса атқарушылық және директорлар кеңесінде мүшелік: «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШҚ Байқаушы кеңесінің төрағасы.