Жалпы ақпарат
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын жобалау, салу және пайдалану мақсатында құрылған, қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ және мұнай мен газды барлау және игеру жөніндегі Қытай Ұлттық компаниясы (бұдан әрі – CNODC) (50/50) болып табылатын, шетелдік қатысатын заңды тұлға. ҚҚҚ 2004 жылғы 17 мамырда ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасында жасалған Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес 2004 жылдың шілде айында құрылды.
 
ҚҚҚ табиғи монополиялардың субъектісі болып табылады.
 
ҚҚҚ екі магистральдық мұнай құбырының иесі болып табылады:
	- 
		2006 жылы пайдалануға берілген, ұзындығы 965,1 км (оның ішінде ҚХР аумағында 2,2 км), диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті жылына 10 млн т. құрайтын «Атасу-Алашанькоу» құбыры.
	
- 
		2009 жылы пайдалануға берілген, ұзындығы 794,263 км, диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті 10 млн т/г, «Кеңқияқ-Құмкөл» құбыры.
	
Екі магистральдық мұнай құбыры да Қазақстан-Қытай мұнай құбырының учаскелері болып табылады.
 
Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін 20 млн т/г дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде.
	ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ
	
		
			
				|  | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 
		
		
			
				| Тасымалдау көлемі, мың т | 16 301 | 16 200 | 15 883 | 17 411 | 19 235 | 18 806 | 18 789 | 
			
				| Жүк айналымы, млн т * км | 14 607 | 14 590 | 14 368 | 15 592 | 17 315 | 16 872 | 16 858 | 
			
				| Негізгі қызметтен түскен түсім, млн теңге | 60 886 | 76 186 | 77 828 | 74 018 | 86 319 | 86 843 | 87 939 | 
			
				| Жалпы пайда, млн теңге | 32 780 | 46 380 | 46 007 | 41 162 | 49 476 | 47 900 | 48 265 | 
			
				| Қорытынды пайда, млн теңге | (-7 452) | 25 392 | 19 984 | 23 216 | 29 451 | 31 971 | 36 542 | 
		
	
 
	ОРГАНдар
Жоғары басқару органы – Қатысушылардың жалпы отырысы
 
Бақылаушы орган – Байқау кеңесі:
	- 
		Байқау кеңесінің төрағасы: Цай Цзянь – CNODC ұсынысы бойынша
	
- 
		Байқау кеңесінің мүшесі: Исақов Ж.Ә. – «ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директор («ҚазТрансОйл» АҚ ұсынысы бойынша);
	
Атқарушы орган –Басқарма:
	- 
		Құрманбаев Т.Н. – бас директор (Басқарма төрағасы);
	
- 
		Ли Пин – бас директордың бірінші орынбасары;
	
- 
		Тұрлыханов Е.Д. – бас директордың экономика жөніндегі орынбасары;
	
- 
		Пан Тао – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
	
- 
		Ноғайбаев А.С. - бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
	
- 
		Цао Инвэй – бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары
	
	Мекенжай
Қазақстан Республикасы, 050008
Алматы қ., Абай даңғылы, 109 В
Телефон:+7(727) 331 33 10,
Факс: +7(727) 330 97 40,
Сайт: 
http://www.kcp.kz