KZTO 839,00 (+0,13%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,00 (+0,13%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясы басқармасының 7-ші отырысына қатысу

23.05.2017    Көрулер: 1431
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Кездесу «ҚазТрансОйл» АҚ, Беларусь Республикасы Энергетика министрлігінің, «Белнефтехим» концерннің, «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ, «Транснефть» ЖАҚ, «CNPC» Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы, «МЕРО ЧР» чехиялық компаниясының, словакиялық «Транспетрол» АҚ, «MOЛ Венгрия» АҚ, «Укртранснафта» ЖАҚ, Каспий құбыр консорциумы басшылығының қатысуымен Минск қаласында өтуде.

«ҚазТрансОйл» АҚ атынан МТХА басқарма мүшелерінің алдында бас директор (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов сөз алды: – ҚазТрансОйл компаниясы ішкі нарықпен экспортқа мұнай тасымалы қызметін көрсететін Қазақстандағы магистральды мұнай құбырының ұлттық операторы болып табылады. Бүгінде Қазақстанда өндірілетін мұнайдың шамамен 50 % және қазақстандық МӨЗ мұнайдың 97% «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі арқылы тасымалданады. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде компанияның рөлі орасан зор екеніне айқын дәлел, - деп мәлімдеді ол.

Қатысушылар биыл «ҚазТрансОйл» АҚ нарықтағы 20 жылдығын атап өтетіні туралы ақпараттандырылды. Осы жылдар аралығында компания 815 млн тоннадан аса мұнай тасымалдады, жүк айналым мен мұнай тасымалдау көлемі екі есеге ұлғайды. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың халықаралық ынтымақтастық бағыты дами түсіп, компанияның мәртебесі де нығая түсті. Бүгін компанияны берік серіктестік қатынастары таяу және алыс шетелдегі мұнай құбыры көлігінің көшбасшыларымен байланыстарады. Тұрақты клиенттік база құрылып, жүк жөнелтуші мұнай компанияларымен тұрақты қарым-қатынастар орнатылды.

Беларусь астанасында өткен отырыс барысында қатысушылар мұнай көлігі компанияларының өзекті ынтымақтастық мәселелерін талқыға салып, шешім қабылдады, атап айтсақ: жарық көздерінің тиімділігі, заңнамалық сұрақтар, жеткізілім аясында МТХА-ның тұрақты эксперттік топтарының қызметі; ұйымның 2017 және 2018 жылдарға арналған қызметінің жоспарын қайта қарау; мұнай құбыры көлігінің қызметкерлеріне арналған «Мамандығы бойынша таңдаулы» халықаралық конкурсының ережесі бекітілді және т.б.

Димаш Досанов МТХА-ның қатысушыларын ү.ж. қыркүйек айында Астана қ. өтетін ұйымның 8-ші Басқарма отырысына қатысуға және МТХА мүшелерін «Астана-ЭКСПО-2017» және «КАZENERGY» Еуразиялық форумының жұмысымен танысуға шақырды.
 


Серiктестер