25.09.2019 Көрулер: 1753
Дереккөз:
Баспасөз қызметі
Бүгін Алматыда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досановтың төрағалығымен Халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациясының 12-ші мәжілісі аяқталды (ХМТА). Шара барысында Еуразия кеңістігіндегі ірі мұнай тасымалдаушы компаниялардың басшылары, ХМТА мүшелері бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, ынтымақтастық көкжиегі бойынша пікір алмасып, жаңа шешімдер қабылдады.
Мәжіліс күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі – хорватиялық JANAF компаниясының ассоциацияға қатысушы ретінде тіркелуі болды. JANAF компаниясы мұнай құбыры жүйесін басқарады және мұнай тасымалы мен оны сақтау бойынша Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еурпаның алты мемлекетіне қызмет көрсетеді. Бұған қоса, мәжілісте орын алған тағы бір маңызды мәселе, «Тиімді, сенімді және қауіпсіз» атты тұрақты сарапшы тобының пайда болуы. Қазіргі уақытта ХМТА-да құқықтық, энерготиімділік және мұнай тасымалы бойынша 3 тұрақты топ жұмыс істейді.
Мәжілісте «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары О. Идырысов халықарылық «Үздік маман» байқауының нәтижесі бойынша есеп берді. Байқау биыл 5-9 тамыз аралығында ХМТА аясында «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мен Ақтау қалаларындағы өндірістік базаларында өткізілді. Шараға 7 мұнай құбыры компанияларынан 44 маман келіп қатысты. Байқаудың басты оқиғасы компания басшыларының атынан келешек ұрпаққа арналған 8 жолдауы бар футурологиялық капсуланың «Достық» стеласына салынуы болды. Бұл жолдау 2023 жылы ХМТА 10 жылдығында оқылатын болады.