KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Беларусьте «Үздік маман - 2022» Халықаралық мұнай құбыршылар байқауы өтеді

12.11.2021    Көрулер: 1911
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) Басқармасының 16-шы отырысында киберқауіпсіздік, энергия тиімділігі, магистральдық мұнай құбырларын пайдалану мәселелері, сондай-ақ «Үздік маман» халықаралық конкурсын өткізу мәселелері талқыланды.
 
Онлайн-кездесу барысында Пайдалану бойынша тұрақты сараптама тобының жұмысы қорытындыланды, сондай-ақ ХМТҚ кәсіби шеберлік орталығының бірінші сессиясын өткізу туралы есеп қаралды.
 
Қатысушылар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы айдау процесінде энергия тиімділігі саласындағы бірлескен жұмыстың нәтижелілігін атап өтті. Энергия тиімділігі жөніндегі тұрақты сараптама тобының деректері бойынша ХМТҚ-қа мүше ұйымдар арасында электр энергиясын үлестік тұтынудың орташа мәні 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға төмендеді. 2016-2021 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 8,1% азайды.
 
Отырыс барысында қатысушы елдердің өкілдері киберқауіптерге қатысты қырағылық туралы ХМТҚ бірлескен мәлімдемесін қарап, қабылдады. Сонымен қатар, қауымдастықтың 17-ші отырысын мамыр айында Минск қаласында және 2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Үздік маман» байқауын өткізу туралы шешім қабылданды. Мұнай құбырларының дәстүрлі халықаралық байқауы «Гомельтранснефть-Дружба» ААҚ (Беларусь Республикасы) «Мозырь» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының базасында өтеді.
 
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы қатысушы компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге жәрдемдесу және халықаралық мұнай тасымалдау тұрақтылығын нығайту үшін 2013 жылы құрылған.
 


Серiктестер