KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Сапа менеджмент жүйесі

Сапа менеджменті жүйесі ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын, барлық мүдделі тараптармен орнықты қатынастарды нығайтуды және өсу мен даму үшін орнықты негізді қамтамасыз ететін «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ ISO 9001:2015 халықаралық стандартының (бұдан әрі - Стандарт) жаңа нұсқасының талаптарына сәйкестікке мерзімінен бұрын көшкен Қазақстанның алғашқы ірі компанияларының бірі болып табылады.

Сапа менеджменті жүйесін қолдану «ҚазТрансОйл» АҚ-тың стратегиялық шешімі болып табылады, ол  қызметтің нәтижелерін жақсартуға және тұрақты дамуға бағытталған бастамалардың берік негізін қамтамасыз етуге көмектеседі.

«ҚазТрансОйл» АҚ Стандарт талаптарына сәйкес қажетті процестер мен олардың өзара іс-қимылын қоса алғанда, сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуін және үнемі жақсаруын қамтамасыз етеді.

Стандарт талаптарына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-та «Жоспарла - Жаса - Тексер - Әрекет ет» (PDCA) циклін және тәуекелге бағдарланған ойлауды қамтитын процестік тәсіл енгізілді.

Процестік тәсіл  процестерді және олардың өзара әрекеттесуін жоспарлауға мүмкіндік береді, ал PDCA циклін іске асыру процестерді қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге, олардың менеджментін  жүзеге асыруға, жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға және іске асыруға көмек береді.

Өзара байланысты процестерді қолдану және оларды жүйе ретінде басқару «ҚазТрансОйл» АҚ-тың белгіленген нәтижелерді алудағы нәтижелілігі мен тиімділігін арттырады.

Тәуекелге бағдарланған ойлау процестердің және сапа менеджменті жүйесінің жоспарланған нәтижелерінен ауытқуға әкелуі мүмкін факторларды айқындауға, сондай-ақ  жағымсыз салдарды барынша азайту және туындайтын мүмкіндіктерді барынша пайдалану үшін алдын алушы басқару құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Стандарт талаптарына сәйкес келу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ тәуекелдер мен мүмкіндіктерге жауап ретіндегі іс-қимылдарды жоспарлайды және жүзеге асырады. Тәуекелдер мен мүмкіндіктерге ден қою сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілегін арттыру, неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізу және жағымсыз салдарды болдырмау үшін негіз құрады.

Сапа менеджменті жүйесі «ҚазТрансОйл» АҚ-қа Сапа саласындағы саясатта бекітілген міндеттемелерге қол жеткізуге және менеджмент жүйесін жақсарту үшін қажет іс-қимылдарды қабылдауға мүмкіндік берді.
«ҚазТрансОйл» АҚ сапа саласындағы саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
docx    175.63Кб    1173

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі сертификаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    120Кб    695
Серiктестер