KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» БҚО аумағында тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіріп жатыр

 27.11.2020    663
«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс Қазақстан облысының аумағында тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
 

Бұл жұмыстар тамыз бен мамыр айлары аралығында «Өзен – Атырау – Самара» магистарльді мұнай құбырының 984-985 шақырымы аралығында жүзеге асты. Биыл өңірде қалпына келтірілген жер аумағы – 4 гектар. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстары белгіленген жобаға сәйкес және мемлекеттік бақылау органдарының қадағалауымен жүзеге асырылды. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер үшін аса маңызды саналатын бұл жұмыс екі кезеңде өтті.

Кәкім Төлеуішев, Атырау мұнай құбыры басқармасы «Орал» ЖӨДС бастығы:
- Бірінші техникалық рекультивация бойынша біз ластанған жерлерді, мұнаймен лайланған жерлерін қырып алып, жүк машиналарына тиеліп, арнайы полигондарға одан әрі жөндеуге тазартылуға жөнелтілді.

Биологиялық рекультивация бойынша органикалық және минералдық тыңайтқыштар төгіліп орналастырды. Одан кейінгі кезеңде ол жерлер жыртылып, көпжылдық шөптер егіліп ол суарылды. Қалпына келтіру жұмыстары Ақжайық ауданына қарасты Ақжол ауылдық округінің аумағында жүргізілген. Кейін компания топырақта зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тазартылған жерлерге минералды тыңайтқыш пен байытылған таза топырақ төселді.

Нұрғали Мүтиев, Ақжайық аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
- 2011 жылдан бері тазалап жатыр. Бұл да үлкен бір игілікті іс дегім келеді. Себебі бұл жерлердің бәрі де ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер, былайша айтқанда, жайылымдар. Сол жерлердің бәрін тазалап, мұнай қалдығынан кейін қайта айналымға енгізу өте құптарлық жағдай.

Серік Ғабдуллин, Ақжол ауылдық округінің тұрғыны:
- 70-жылдан қалған мұнай қалдықтарын тазартып, өз жұмыстарын атқарып жатыр. Еккен шөптері шығып, еліміз көркейіп, мал жайылымы үлкейіп, ауыл тұрғындары «КазТрансОйл-ға» көп-көп рахметімізді айтамыз.

Өнеркәсіптік қалдықтарды залаллыздандыру және жою жұмыстары еліміздің өзге өңірлерінде де жүргізілді. Жалпы осындай әдіспен соңғы 10 жылда 20 гектар жер қалпына келтірілген.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов
Санаттар: Біз туралы БАҚ
Реакция:
Серiктестер