KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Серік Ақберген «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені болып тағайындалды

 05.11.2024    591
2024 жылғы 1 қарашадан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ақберген Серік Ишанбекұлы «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсмені болып тағайындалды.

«ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменінің негізгі міндеттерінің бірі еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипаттағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің корпоративтік (іскерлік) этика қағидаттарын сақтауға көмек көрсету болып табылады.

Серік Ишанбекұлының мұнай-газ саласында 27 жыл, «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесінде 16 жыл еңбек өтілі бар. Әр кезеңдерде «ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры, «Бас ақпараттық-есептеу орталығы» филиалы директорының орынбасары, директоры, Магистральдық су құбыры басқармасының директоры, Батыс филиалының директордың орынбасары, директоры, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы бастығының орынбасары, омбудсмен, Қарағанды ​​мұнай құбыры басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
 
Реакция:
Серiктестер