«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының 2024 жылғы 25 қарашадағы шешімімен үш жыл өкілеттік мерзімге жеті адамнан тұратын «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы анықталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланғандар:
	- 
		Булат Закиров – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
	
- 
		Амир Бозжігітов – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
	
- 
		Ардақ Қасымбек – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
	
- 
		Арман Қасенов – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы);
	
- 
		Нұрлан Аханзарипов – тәуелсіз директор;
	
- 
		Кайнар Қожұмов – тәуелсіз директор;
	
- 
		Қазбек Құсайынов – тәуелсіз директор.
	
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Булат Закиров  сайланды.