«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Әлібекмола» бас мұнай айдау стансасындағы 64 орындық жатақханаға күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары аяқталды.
Атқарылған жұмыстар аясында 2004 жылы салынған ғимараттың инфрақұрылымы толығымен жаңартылып, сыртқы қабырғаларын оқшаулаумен қаптау жұмыстары жүргізіліп, желдету жүйелері модернизациядан өткізілді.
Еден беті толық ауыстырылды, барлық тұрғын бөлмелері жаңа жиһаздармен жабдықталды. Асханаға күрделі жөндеу және іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілді, жаңа периметрлік қоршау, жатақхана ғимаратына кіруді басқару жүйесі орнатылып және тағы басқа жұмыстар атқарылды.
Бұл шаралар қызметкерлердің жайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын бұрынғыдан да жақсартуға мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде олардың еңбек ету сапасын арттыруға және станциядағы жұмыстың жалпы тиімділігіне оң ықпал тигізбек.
«ҚазТрансОйл» АҚ үшін адам – ең құнды байлық. Сондықтан компания өз жұмыскерлеріне еңбек етуге жайлы жағдай жасауды ең басты мақсаттарының бірі етіп қойған.