«ҚазТрансОйл» АҚ және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» «Қарашығанақ-Атырау» тасымал жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсетуге жаңа шарт жасасты. Ортамерзімді келісімшарт 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжат ағымдағы экономикалық жағдайларды ескеріп, мұнай тасымалының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«ҚазТрансОйл» АҚ «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына 20 жылдан астам уақыт бойы «Қарашығанақ-Атырау» тасымал жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетіп келеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС және басқа да ұйымдарға тиесілі құбырларды пайдалану бойынша операторлық қызметтер көрсетеді. «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызметі шеңберінде қызмет көрсететін құбырлардың жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асады.