KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ бюджетке 41 млрд теңгеден астам қаржы төледі, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3%- ға артық

 10.01.2025    91
2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ төлеген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 41,3 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 3% - ға көп. Республикалық бюджетке ең үлкен төлемдер корпоративтік табыс салығы (11,1 млрд теңге) мен қосылған құн салығынан (5,2 млрд теңге) құралды. Жергілікті бюджеттерге мүлік салығы – 10,1 млрд теңге көлемінде, жеке табыс салығы – 8,1 млрд теңге және әлеуметтік салық – 6,5 млрд теңге көлемінде төленді.
 
2019 жылдан бастап салық органдары салық төлеушілердің қызметін сараланған салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылатынына байланысты үш санатқа бөледі, олар - төмен, орташа және жоғары тәуекелді санаттар. Осы санатқа сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ төмен тәуекел дәрежесін иеленді. Аталмыш дәреже компанияның сенімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
 
___________________________________________________________________________
 
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. 
 
 
 «КазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар басқармасы
Серiктестер