«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары лауазымына Абай Бақытжанұлы Бейсембаев тағайындалды және «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.
Абай Бейсембаев 1978 жылы 19 қарашада дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылысжайларды жобалау және газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын пайдалану» мамандығы және «Қайнар» университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Абай Бейсембаевтың тағайындалуы – бір компанияда жемісті еңбек етіп, жоғары кәсібилік пен қажырлы еңбек нәтижесі. Абай Бейсембаев өндірістік қызметтің барлық сатыларынан өтіп, топ-менеджер деңгейіне жетті.
Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ Ақтөбе филиалының «Кеңқияқ» ЖӨДС тауарлық операторы болып бастады.
2002 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе филиалында/Ақтөбе мұнай құбыры басқармасында мұнай сапасы жөніндегі инженер, тауар-көлік бөлімінің жетекші инженері, аға диспетчер, өндірістік-диспетчерлік қызметтің басшысы, тауар-көлік қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.
Абай Бейсембаев бірқатар негізгі басшылық қызметтерді атқарды:
2015 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғанға дейін – Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы бастығының орынбасары;
2019 жылдан бастап 2020 жылды қоса алғанға дейін – Атырау мұнай құбыры басқармасы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары;
2020 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғанға дейін – «Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының бас диспетчерлік басқармасының бастығы;
2022 жылғы тамыздан бастап тағайындауға дейін – тасымалдау департаментінің директоры.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің қабылдаған шешімімен, «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшелері жеті адам болып табылады: Арман Қасенов (Басқарма төрағасы), Темірхан Әбдіров, Абай Бейсембаев, Әміржан Оспанов, Алмас Оңғарсынов, Ғазиз Қошанов және Жайдарман Исақов.