KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

2024 жылдың маусым айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 120 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалдады

 18.07.2024    646
2024 жылдың маусым айында «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Адамова Застава мұнай жеткізу пунктіне қарай 120 мың тонна мұнай тасымалдады.

Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.
 

Қарашығанақ кен орнынан Германияға мұнай экспорттау бағыты «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының 1150,3 шақырымында орналасқан «Үлкен Шаған» мұнай айдау стансасында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайды қабылдаудан басталады. Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының 1235 шақырымындағы қабылдау-жеткізу пунктінде «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбыр жүйесіне жеткізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Транснефть» ЖАҚ-ның құбыр жүйесімен Ресей Федерациясының аумағы арқылы мұнайды «Унеча» мұнай жеткізу бекетіне дейін транзитпен тасымалдауды қамтамасыз етеді. Келесі кезекте қазақстандық мұнай Беларусь Республикасының аумағы арқылы «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ құбыр жүйесі арқылы Польшадағы «Адамова Застава» мұнай жеткізу бекетіне айдалады және одан әрі Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін польшалық PERN компаниясына жеткізіледі.

Серiктестер