KZTO 844,00 (0%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 844,00 (0%)

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің делегациясы Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясының жұмысымен танысты

 04.02.2025    36
«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев бастаған ресми делегация Атырау мұнай құбыры басқармасының Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясында болып, өндірістің жұмысымен танысты. Олар Атырау мұнай өңдеу зауытына Маңғыстау, Атырау облыстары мен Қашағанның мұнайын жөнелтетін станцияда мұнай құрамы мен сақталуы, технологиялық процестерге назар аударды.

Атап өткен жөн, 2024 жыл қорытындысы бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытына жалпы көлемі 5 млн.519 мың 435 тонна мұнай тасымалданды. Тасымалдау жоспары 101 процентке орындалған.  Зауытқа осы Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясы арқылы мұнай шығатын болғандықтан, «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы Марлен Төлегеновпен мұнайды есепке алу торабының қызметі, тасымалдау процесі және мұнай айдау сорғыларының сапасы мен қуаты, энергоүнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау сынды мәселелерді талқылады.

Делегацияға станцияда резервуар паркінің жұмысы, диспетчерлік пункт, мұнай қыздру пештері мен буды қалпына келтіру қондырғысының жұмысы таныстырылды.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер