KZTO 866,50 (+1,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 866,50 (+1,35)

«ҚазТрансОйл» АҚ «МұнайТас» СБҚК экспорттық тарифін нарықтық деңгейге дейін теңестірді

 20.05.2025    85

«ҚазТрансОйл» АҚ тарифтік саясатты өзектендіру аясында «Солтүстік-Батыс мұнай құбыры компаниясы «МұнайТас» ЖШС-нің «Кеңқияқ–Атырау» магистральдық мұнай құбыры бойынша экспортқа мұнай тасымалдау тарифін қайта қарау бойынша кешенді жұмыс жүргізді. Нәтижесінде тариф «ҚазТрансОйл» АҚ қолданатын тасымалдау шарттарына сәйкес келетін деңгейге дейін теңестірілді.

2025 жылғы 19 мамырдан бастап «МұнайТас» СБҚК-нің экспорттық тарифі 1 тоннаға 1000 км үшін 11 300 теңге мөлшерінде белгіленді (ҚҚС-сыз). Бұл тариф белгілеудің экономикалық тұрғыдан негізделген үлгісіне көшу қажеттігін көрсетеді.

Айта кету керек, «МұнайТас» компаниясының мұнай тасымалдау көлемінің негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталған. Жаңа тариф тек экспорттық бағыттарға ғана қолданылады.

«МұнайТас» СБҚК – «ҚазТрансОйл» АҚ (51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd. (49%) қатысатын бірлескен кәсіпорын болып табылады.

Серiктестер