KZTO 866,50 (+1,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 866,50 (+1,35)

«ҚазТрансОйл» қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 46 тоннадан астам қоқыс шығарды

 20.05.2025    19

«Таза Қазақстан» – еліміздің маңызды экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Оның аясында аумақтарды қоқыстан тазарту, көгалдандыру, су айдындарын ретке келтіру сияқты бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылуда.

«ҚазТрансОйл» АҚ табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған бастамаларға белсене атсалысып, ел аумағында ауқымды жұмыстар атқарды.

Биыл Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Жезқазған, Қарағанды, Құлсары, Шымкент, Павлодар мұнай айдау станциялары мен Батыс және Шығыс операторлық қызмет көрсету басқармалары ұйымдастырған сенбіліктер барысында 46  тоннадан астам қоқыс жиналды.

Сонымен қатар өндірістік нысандар мен олардың маңындағы аумақтарға 1 264 түп жасыл көшет отырғызылды. Олардың қатарында жеміс ағаштары да бар. Бұл — келешек ұрпаққа арналған жасыл мұра.

Табиғатты қорғау – тек мемлекеттің немесе арнайы ұйымдардың ғана емес, әрбір азамат пен ұжымның ортақ жауапкершілігі. «ҚазТрансОйл» еліміздің экологиялық тұрақтылығына өз үлесін қосып, корпоративтік жауапкершілігін күшейтуді жалғастыруда.



Реакция:
Серiктестер