KZTO 809,99 (-0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 809,99 (-0,12)

Сочиде ХМТҚ Басқармасының XXV жиыны өтті

 10.06.2025    222
Сочиде (Ресей Федерациясы) Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) Басқармасының XXV жиыны өтіп, оған «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы қатысты.
 
Қауымдастық кеңесінің жұмысына «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов қатысты. Сондай-ақ іс-шара аясында Тасымалдау мәселелері жөніндегі тұрақты сарапшылық топтың Х жиыны өтті, оның барысында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары Абай Бейсембаев қатысушыларға Oil Transportation Management компанияда цифрлық құжаттамалық автоматтандыру жүйесін енгізу жайлы ақпаратпен бөлісті. Бұл жүйе мұнай тасымалдау қызметтерін қолдауға арналған және жүк жөнелтушілермен өзара іс-қимылдың ашықтығын, жеделдігін және тиімділігін арттыруға бағытталған.
 
ХМТҚ Басқармасы жиынының күн тәртібінде Қауымдастықты кеңейту, «Үздік маман» халықаралық кәсіби шеберлік байқауына дайындық және 2026 жылы жастардың ғылыми-техникалық конференциясын өткізу сияқты мәселелердің кең ауқымы қаралды. Сонымен қатар, энергетикалық қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару бойынша Тұрақты сарапшылық топ құру, сондай-ақ қауіпсіз өндірісті дамыту үшін жаңа пікірталас алаңын қалыптастыру бастамалары талқыланды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдан бері ХМТҚ мүшесі болып табылады. Қауымдастық Еуропа мен Азияның жетекші мұнай тасымалдаушы компанияларын, соның ішінде Ресей, Беларусь, Қытай, Венгрия, Сербия және т.б. біріктіреді. ХМТҚ-қа мүшелік ету тәжірибе алмасуды, кәсіби диалогты дамытуды және саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз ететін компания үшін стратегиялық маңызы бар.
 
Серiктестер