KZTO 814,84 (+1,10)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,84 (+1,10)

Инновациялар – өндіріс қызметінде

 13.08.2025    28
2025 жылғы 13 тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ өндіріс жөніндегі бас директорының орынбасары Нұржан Күшжановтың төрағалығымен ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) отырысы өтті.
Іс-шараға компанияның активтер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Ибраимов, «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалының директоры Сәбит Арынов, сондай-ақ ҒТК мүшелері мен «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайқұбыр басқармаларының басшылары қатысты.
«Компаниямыздың басым бағыттарының бірі – инновациялық даму, ал ҒТК-ның міндеттерінің бірі – озық технологиялар мен заманауи жабдықтарды енгізу арқылы пайдалану шығындарын азайтуға нақты ықпал ету», – деп атап өтті Н. Күшжанов.
ҒТК отырысы барысында мұнайды тасымалдау технологиялары, мұнайқұбырларды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу саласындағы заманауи шешімдер мен ұсыныстар қаралды. Ұсынылған озық инновациялық технологияларды қарастыру нәтижесінде олардың барлау, қайта құру және жаңғырту кезінде жобалау, жаңа өндірістік нысандар салу, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерін қауіпсіздік және оқыту саласында қолдану мүмкіндіктерін зерттеу бойынша тапсырмалар берілді.

Реакция:
Серiктестер