KZTO 806,02 (+0,01)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 806,02 (+0,01)

Басты мақсат – апатсыз және жарақатсыз жұмыс істеу

 27.08.2025    28
«ҚазТрансОйл» АҚ денсаулықты сақтау, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ай сайынғы кеңес өтті. Оған орталық аппараттың, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ компанияның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ компаниялар тобының өндірістік қауіпсіздік деңгейі туралы ағымдағы ақпарат беріліп, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2025–2027 жылдарға арналған өндірістік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жол картасының орындалуы талқыланды.

Қорытынды бойынша, апатсыз және жарақатсыз жұмыс компания үшін басымдық болып қала беретіндігі атап өтілді.

Қатысушылар барлық күн тәртібі бойынша маңызды мәліметтерді нақтылап, өзара түсіністікке қол жеткізетін жауаптар алды.

Реакция:
Серiктестер