KZTO 806,02 (+0,01)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 806,02 (+0,01)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың 6 айдағы қаржы нәтижелері туралы хабарлайды

 27.08.2025    30
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсімі 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 163 млрд 147,7 млн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 8,04% жоғары.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 21 млрд 579,6 млн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 10,5% жоғары.

«ҚазТрансОйл» АҚ жеке түсімі 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 136 млрд 116,3 млн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 7,6% жоғары.

«ҚазТрансОйл» АҚ жеке таза пайдасы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 31 млрд 533,2 млн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың бірінші жарты жылдығындағы осындай көрсеткіштен 37,4% жоғары.
 
Қаржылық есептілік «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ интернет-ресурсында келесі сілтемелер бойынша орналастырылған: https://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/karzhilik_akparat_zhildik_zhene_aralik_karzhi_esebi/, https://kase.kz/kz/listing/issuers/KZTO.
 
Серiктестер