KZTO 859,80 (+1,03)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,80 (+1,03)

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС мұнай құбыры маңындағы ауылдар мен мұнай айдау станцияларында 345 көшет отырғызды

 28.10.2025    32

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 2025 жылғы 24-26 қазан аралығында магистральдық «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының бойында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бірлесіп бақыланатын ұйымы – «МұнайТас» СБҚК» ЖШС жаппай 345 ағаш көшетін отырғызды.

Көгалдандыру жұмыстары мұнай құбыры маңындағы Атырау және Ақтөбе облыстарындағы ауылдарды қамтыды. Атап айтқанда, 60 көшет Ақтөбе облысы Кенқияқ ауылының саябағында, 15 көшет Мұқыр ауылының саябағында және 270 көшет Атырау облысындағы «Аман» МАС аумағында отырғызылды.

Көшет отырғызу орындары жергілікті әкімдіктермен келісім бойынша, ал «Аман» станциясында – санитарлық-қорғау аймағының аумағында белгіленді. Көгалдандыру акциясы «МұнайТас» СБҚК» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылды.

Мұндай ауқымды ағаш отырғызу шарасы бір реттік акция емес. «МұнайТас» СБҚК» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспары 10 жылдық ұзақ мерзімге арналған. Осы кезеңде «жасыл бастама» жүйелі түрде кеңейтіліп, жалғасын табуда.






Реакция:
Серiктестер